Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі болып тағайындалды

Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының экс-төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

“Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды”, – деп жазды Ақорда.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген. 1999 жылы "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2003 жылы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын "халықаралық қатынастар экономисі" бойынша бітіріп, АҚШ пен Малайзияда білім алған. 

  • 2000-2001 жылдары – Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы;
  • 2001-2002 жылдары – MI Drilling Fluids International Атырау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері;
  • 2002-2004 жылдары – Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларында тағылымдамадан өтті;
  •  2004-2007 жылдары – "MI Drilling Fluids International" Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері;
  • 2007-2010 жылдары – "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры;
  • 2010-2012 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры;
  • 2012-2013 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2013 жылдың қазанынан бастап – мұнай және газ вице-министрі;
  • 2014 жылдың тамызынан бастап 2019 жылдың маусымына дейін – энергетика вице-министрі;
  • 2019 жылдан бастап 2021 жылдың қыркүйегіне дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды.
  • 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың қаңтарына дейін энергетика министрлігін басқарды.
  • 2022 жылдың сәуірінен бастап – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы;
  • 2023 жылдың желтоқсанынан – KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болды.


Бұған дейін президенттік жастар кадрлық резервіне алынған тұлғалар тізімі жарияланған еді. Оның ішінде Мағзұм Мырзағалиевтің аты-жөні бар.

Талқылау