"Маған жалған ақпарат берді": Экология министрі Әлия Назарбаеваның компаниясына байланысты неге жалған сөйлегенін түсіндірді
Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қазақстандықтарға неге жалған ақпарат айтқанын түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еске сала кетейік, ол бұған дейін журналистерді Астана әкімдігі Clean City NC компаниясымен барлық шартты бұзды деп сендірген еді. Бірақ олай болмай шықты. Әкімдік компаниямен әлі де жұмыс істеп жатқан көрінеді.
"Бірден айтайын, мәселе жергілікті атқарушы органдардың қарауында. Менде кейінгі рет айтқан ақпараттан басқа дерек жоқ. Маған қол астымдағылар қазір Әлия Назарбаеваның бұл компанияға қатысы жоқ екені туралы мәлімет берді", — деді Нысанбаев үкіметтегі брифингте.
Астана әкімінің айтуынша, Clean City NC компаниясымен келісімшартқа бес жыл бұрын қол қойылған. Сәуір айында келісімшарт аяқталады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"