"Маған жала жабылды": Жетісу облысында блогер кәсіпкерден ақша бопсалады деген айыппен 6 жылға сотталды
Фото: t.me/kozachkow
Жетісу облысында кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен ұсталған блогер Дмитрий Перлов 6 жылға сотталды. Ол кәсіпкердің құрылыс кемшіліктерін желіге салмас үшін 10 миллион теңге сұрады деген айыппен ұсталған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға осы жылдың қаңтар айында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, ол кәсіпкердің құрылысына қатысты жағымсыз бейнематериалды әлеуметтік желідегі парақшасынан алып тастау және болашақта ұқсас ақпарат таратпау үшін 10 миллион теңге қаражат сұраған.
Блогер кәсіпкерден талап етілген қаражаттың 7 миллион теңгесін алып жатқан сәтінде ұсталды. Алайда Перлов бұл айыптауды жоққа шығарып, ақша оған қасақана берілгенін айтты.
-
"Мұқағали сорлы еркек": Мақатаевтың туыстары блогерден 10 миллион теңге өтемақы талап етті
-
Төрт қазақстандық блогер 2,2 миллиард теңге табысын жасырып қалған
"Маған жала жабылды. Өмірімді күйретті. Бірақ бүгін сот алдында тұрып, еш кінәм жоқ екенін ашық айтамын. Фактілерге назар аударуларыңызды сұраймын. Мені ақтауларыңызды өтінемін. Отбасымды бұзбаңыздар, балаларымнан ажыратпаңыздар", – деді ол соттағы соңғы сөзінде.
Барлық мән-жайды ескере келе, сот блогерді кінәлі деп тауып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Еске салсақ, бұған дейін 10 миллион теңге бопсалаған қазақстандық блогер ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
