Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған ұсынып, көзімше иіскеп алды": Алматы тұрғыны мефедрон тұтынған такси жүргізушісіне шағымданды

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде видео жариялап, есірткі тұтынған такси жүргізушісіне шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

такси сток

Фото: pixabay.com

Видео авторының сөзінше, оқиға жазда болған. 

"Түнде үйге қайту үшін такси шақырғанмын. Жолда жүргізушімен сөйлестік. Сосын мұрнын жиі тартатынын байқадым. Менде де аллергия болғандықтан, бұдан құтылудың жолдарын айта бастадым. Ол үндемей тыңдады, үйге жеткен соң маған: "Досым, жақсы жігіт екеніңді көріп тұрмын. Менде аллергия емес, мефедрон иіскегенмін" деді. Сосын "Иіскесең де, бұл сенің жұмысың" деп, таңдана айттым. Кейін телефонын алып, ақ ұнтақ сеуіп, маған ұсынды. Бас тартып едім, менің көзімше иіскеп алды. Тіпті не дерімді білмей қалдым", – деді алматылық.

Ер адам осы әдіспен такси жүргізушілері де есірткі таратып, жастарды әуес етуі мүмкін деп топшылады. 

"Түсінуім бойынша, такси жүргізушілерінің кейбірі түнгі көңіл көтеру орындарының маңынан жастарды алып кетіп, осы нәрсеге құмар етеді. Тегін иіскеп көр деп, бұған қалай үйренгеніңді білмей қаласың. Осылайша есірткі сатушыларға айналады", – дейді ол. 

Алматы полиция департаменті видеоға пікір білдіріп, аталған дерек бойынша тексеріс жүргізілетінін айтты. 

Талқылау