"Маған қоқан-лоқы көрсетті": Тұрсын Алагөзовтің экс жұбайы Ляйсира Марат тосын мәлімдеме жасады
Фото: https://www.instagram.com/lyaisira_marat/
Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Марат өзіне қоқан-лоқы жасалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, кәсіпкер әйел бұрынғы күйеуінің 100 пәтер үлестіргенін сынаған еді. Тіпті, өзіне қауіп төнсе, кімнен көру керегін де меңзеді.
"Менің "трендтер" және "маркетинг туралы" болжамдарым көпшіліктің қызығушылығын тудырып, қолдау тапты. Жұрт лүпіл басып, бөлісіп жатты. Көптеген хабарлама алдым. Бірақ аккаунтыма боттар шабуыл жасады. Жазылушылары жоқ, жасанды интеллект жазып берген бір типті мәтіні бар парақшалар көбейді. Кеше қоқан-лоқы жасалды. Маған денсаулығыма абай болу керегін ескертті. Ол адам туралы да ойланып сөйлеуім керек екен. Шындық насанаға дәл тиді. Егер маған бірдеңе болса, кімнен екенін сіздер нақты білесіздер", – деп жазды ол.
Еске салайық, Баян Мақсатқызы күйеуіне жала жапқандарға жауап берген еді.
“Күйеуім Тұрсенге, бізге қатысты айтқан өтіріктерің ашылып, масқара боласыңдар. Сөйлесем, менде де тіл бар. Тілім ащы. Егер тынышталмасаңдар, қолымда бар бүкіл құжат-дәлелдерді жариялаймын. Кім кімге, қашан, не деп барғаны, не істегені, не сұрағаны туралы тірі куәгер ретінде айтып бере аламын. Сондықтан ашықтан-ашық өтірік айтуды қояйық”, – деді Баян Мақсатқызы.