Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған да жан керек": Гүлнұр Мамасарипова жеке өмірі туралы сыр шертті

“Келінжан” сериалының продюсері, медиа менеджер Гүлнұр Мамасарипова жеке өмірі мен отбасына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Кино саласының маманы “Сырласу” бағдарламасында қонақ болып, отбасы туралы айтты. 

“Күйеуім туралы айта бастағанда басқа құрбыларым қызығады. Жар таңдаудан жолым болғаны рас. Бірақ оңай қол жеткізген жоқпын. Мұның бәрі жас кезімізде қосылғанының әсері. Өйткені жастық шақтан бері бірге келеміз. Ол менің армандарымның бәрін біледі. Екеуміз құрдас болғасын да одан сескену мен аяқ тарту деген болмапты. Мен оған барлығын айтатынмын. Бір нәрсені жасағым келіп тұрса, қарсылық білдірмейтін. Тек қолдап отырады. Ұнамаса "осымен айналыспай-ақ қойшы" деп айтады. Мен оны тыңдаймын. Ол кісі де, мен де оңтүстіктенбіз. Бір-біріміздің менталитетімізді түсінеміз. Оның ішкі жан дүниесі қатты деуге болады. Сол себепті менің аттамайтын шеңберім өте көп. Маған да жан керек”, – деді кинопродюсер. 



Сонымен қатар Гүлнұр Мамасарипова қыздарының тәрбиесімен жеткілікті деңгейде айналыса алмағанын жазды. 

“38 жасымда әже атандым. Немеремді қыздарымнан артық бағып өсіріп келеміз. Біздің үйде тілі батыр Сара ғой: ”Мама, бізге неге осылай қамқор болмадың” деп сұрайды. Олардың есінде мен тек жұмысбасты ана болып қалдым. Немерем Айлаға ерекше мейірімді болдым. Айтқанының бәрін істеп, арманын орындағым келеді”, – деді кино әлемінің маманы. 

Еске салайық, "Tesla-ға бәсеке өнім шығарған күні кино түсіруді қоямын" деген Гүлнұр Мамасарипова өзін сынағандарға жауап берген еді. 

Талқылау