"Маған да бұйырды": Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті
Танымал әнші, блогер Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова жеке өміріне қатысты сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/
Айта кетейік, өнер иесі актер Дәурен Айдарқұловпен шаңырақ көтеріп, екі баласымен ажырасып кеткен еді.
“Ақ көйлек кию маған да бұйырды. Аллаға сансыз шүкір деп айтатын күн де алыс емес. Жақсы күн жақындап қалған сияқты, жақсыларым. Тәтті пікірлеріңіз болса, мархабат”, – деп жазды әнші.
Одан кейін эстрада жұлдызы АҚШ еліне аттанып, өнерімен бағындыратынын айтты.
“Армандар орындалады! Жаратқанға тәуекел етіп, аманаттай отырып әрекет ете берсең, нәтижелер толассыз келе береді екен. Сол нәтиженің бірі, менің қуанышыма бұйырыпты. Америкаға жол ашылды. Қазақ елім, сіздерден сүйінші сұрайтын күндерімнің көп екенін білемін. Соның бірін бөлісіп жатырмын. Қыздарыңыз өнерімен әлемге жол салмақ”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, "Қолдауың шабыттандырады" деп Дәурен Айдарқұлов экс жұбайы Ақбота-Нұрға алғыс білдірген еді.