Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мадридтік “Реалдың” жұлдызды ойыншысы ауыр жарақат алды

Фото: Getty Images

Ла Лиганың 12-турында “Реал Мадрид” өз алаңында “Райо Вальеканомен” кездесіп, матч 0:0 есебімен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы ойында команда капитаны Федерико Вальверде жарақат алып қалды.

Клубтың ресми Instagram парақшасында хабарланғандай, уругвайлық жартылай қорғаушының оң аяғындағы жартылай жарғақ бұлшықетіне зақым келген. Дәрігерлер ойыншының толық қалпына келуіне шамамен екі апта қажет болады деп отыр.

Айта кетсек, Вальверде биылғы маусымда Ла Лиганың 12 кездесуіне қатысып, 4 нәтижелі пас берген. Қазіргі уақытта “Реал Мадрид” 31 ұпаймен Испания чемпионатының көшін бастап тұр.

Еске салсақ, Федерико Вальверде 2016 жылдың шілде айында Уругвайдың "Пеньяроль" клубынан "Реал Мадридке" ауысып, алдымен клубтың резервтік командасы –  "Кастильяға" қосылды. Кейіннен ол өзге клубтарға жалға берілді. 
Ал 2018 қайта оралып, сол маусым алдындағы дайындық кезеңінде өз ойынымен бапкерлер құрамын тәнті етіп, негізгі команда сапына бекітілді. Ал 2018 жылдың 23 қазанында 20 жасында УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчын  "Виктория Пльзень" клубына қарсы өткізді. Алғашқы маусымда 25 ойынға қатысып, командамен бірге ФИФА клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 13 Қараша, 2025 16:57
Талқылау