Мәдина Сәдуақасованың күйеуі үйленгеннен кейін әншінің сахнаға шығуына тыйым салған
Соңғы кездері желіге тек ұлы екеуінің суретін жүктейтін Мәдина Сәдуақасоваға, фалловерлері тыныштық берер емес. Жұлдыздың жұбайын жанынан көрмеген оқырмандар, түрлі болжам жасап әлек. Ал, орынсыз сауалдардан мезі болған әнші, жұртқа отбасы туралы ашық жауап берді.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
“Олжас шығармашылықтың адамы болғанымен, біздің мінезіміз екі түрлі. Мүлдем басқа, ол басқа адам. Мен белсенді болғым келеді, әлеуметтік желілерде де тура солай. Ал, енді менің жолдасым мүлдем басқаша. Оның бір-ақ қана жақын досы бар араластатын. Көпшілік жерлерді ұнатпайды”, – дейді Мәдина.
Отау тігіп, күйеуінің етегінен ұстаған Мәдинаға, отбасылық өмірдің алғашқы жылдары оңай соқпаған. Себебі, жұлдызға сүйген жары бір жылға жуық сахнаға шығуға мүлде рұқсат бермепті. Сұхбаттар мен түсірілімдер, тіпті әншіге шет елдегі демалыстан да бас тартуға тура келген.
“Мен тіпті тойымнан кейін демалыс та емес, жұмыс та емес барлығы мен үшін жабылды. Тойдан кейін мені ешкім ешқайжерден көре алмай қалды. Өйткені менің жолдасым солай шешті, және де солай ұсыныс айтты”, – дейді Сәдуақасова.
Әншінің жолдасы халық көзіне түсе беруді ұнатпайтындықтан, бүгінде Мадина әртүрлі жиындарға ұлымен ғана барады. Ал, төрт жасар Әнуар анасының танымалдылығына дән риза.
“Балам сахнаның адамы екенімді біледі. Үйде концерттік көйлектерді көрген кезде “мамам қандай әдемі, мамам ең сұлу” деп кәдімгідей тамсанып отырады”, – дейді Сәдуақасова.
Мәдинаның өзі сәуір айында аттанатын ән сапарын жиі ойлап жүр. Үйімнен бұрын-соңды көп уақытқа ұзап көрмеппін деген ол, бұл турнесіне отбасын ерте баруы да бек мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Сақ бол, Баян: Түсіпбаева сериалды сынаған зиялылардың президентке дейін баратынын айтып қорқытты
Мәдина Сәдуақасова салтты білмеген күйеуінің жаңа үйленген кездегі қызықтарын айтып берді
Жұлдыз алғаш рет Қайратты ел алдында туған күнімен құттықтады
Битіп биле: Ерке Есмаханның биі желіні шулатты (видео)