Мәдина Сәдуақасованың сахналық ең әдемі көйлектері (фото)
Қазақ эстрадасының сұлулық символына айналған әнші Мәдина Сәдуақасова өзіне ғана тән сыбаттылығымен, сахналық стилімен ерекшеленеді. Жұрт Сәдуақасовадан сыпайы да инабатты, нәзік әрі ибалы қазақтың қызын көреді. Сәдуақасова сахнада жүрген 20 жыл ішінде ашық-шашық киініп, халықтың сынына қалған емес. Әншінің биік талғаммен жасалған әр образы ел есінде.
Бұл ретте Stan.kz назарларыңызға Мәдина Сәдуақасованың ең әдемі сахналық көйлектерін ұсынуды жөн көріп отыр.
Сұлулыққа ерекше жаны құмар әншінің сахналық әр киімі көздің жауын алады.
Мәдинаның гардеробында қазақы нақыштағы да, Шығыс, еуропалық және грекиялық стильдегі киімдер баршылық.
Ол киімді әр әніне сәйкестіндіріп таңдайды.
Тыңдарманның көңілінен шығу үшін Сәдуақасова уақытын да, ақшасын да аямайды.
Әншінің әр образынан нәзіктіктің лебі есіп тұрғандай.
Былтыр қазан айында әнші 20 жылдық концертін өткізді. Сәдуақасова бұл кеште де көркі көз тойдыратын көйлектерімен таңғалдырды.
Мәдина, әсіресе, “Аруназ Design” сән орталығымен тығыз жұмыс істейді. Мәселен, елді тамсандырған мына көйлек аталған сән орталығының туындысы.
Мәдина бұл сән орталығына бір жылдың ішінде 20-дан аса көйлек тіктірткен.
Әнші өзге де отандық ең танымал деген сәнгерлермен тығыз байланыста.
Ұзақтығы бір минутқа ғана созылатын шоколад жарнамасына түсу үшін Мәдина төрт бірдей дизайнерлік көйлек тіктірген. Жарнамашылар шоколад түстес мына көйлекті таңдапты.
Жіберіп алмаңыз:
Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)
Әріптестері қызды болған Қарақатқа тосынсый жасады (фото, видео)
Алтынай Жолдыбаева үйге түскен ұрыны аяғымен орап “өлтірді” (видео)
Мұрат Қожа жас келіншегі мен қызын перзентханадан шығарып алды