Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдина Сәдуақасова: Сіңлім өмірге келгенде әкем ұл болмады деп қатты ренжіді

Мәдина Сәдуақасова өзінен кейін сіңлісі жайлы айтып, бала күнгі қызықтарын бөлісті. Әншінің сіңлісі Жәнияны отбасы ұл болса деп күткен екен. Алайда кейіннен Жәния әкесінің ерке қызы болып өскен.

Мәдина Сәдуақасова: Сіңлім өмірге келгенде әкем ұл болмады деп қатты ренжіді

"Үйде 3 қызбыз, кенжеміз Нұрсұлтан, Жәниядан кейін 4 жылдан соң туды. Үшінші бала ұл болса екен" деп тілеген әкеміз қыз дегенді естіп үлкен апасына Рая тәтеге апарып, сол кісіге беріңдер қызды“,  - деп перзентханаға келмей қойған екен. "Ұл болмай қалды-ау" деп көңілі біраз уақыт кәдімгідей түсіп жүрген. Тіпті, біздің өзіміз "Туу, ұл емес пе?!“ деп қалғанымыз есімізде.

Үйге келген сәтінен, барлығы өзгерді ғой. Әжесінің ең сүйікті тәтті немересіне айналды, папамызға ең қатты ұқсайтын қыз осы Жәния. Кішкентайынан Жәния не айтса, папа үндемей орындайды. Біз кейде әкемізді бірдеңеге көндіре алмай жатсақ, Жәния арқылы жасатып аламыз. Солай. Қыз жақсы ғой, қызы бар үйдің берекесі көп дейді. Ұқсаймыз, ия, Жәния екеуміз?", - деп жазды Сәдуақасова парақшасында.


Мәдина Сәдуақасованың әкесі: Қызым өмірге келгенде жаялығын өзім ауыстырып, өзім бақтым


Көпшілік Жәния мен Мәдинаның ұқсастығын айтып жатыр. Бір сұхбатында Жәния өзін Мәдина Сәдуақасовамын деп таныстырып, талай адаммен суретке түскенін, қолтаңба бергенін айтқан. Тіпті өзін Мәдина екен деп ойлап көмек көрсеткен адамдар көп болған. 

"Жәниюша алтын қыз ғой, әдемісіңдер", - деп жазды Қарақат Әбілдина. 

"Мен неге Мәдина өзін құшақтап тұр деп таңғалып тұрсам, оқып барып түсіндім. Керемет ұқсастық. Қыз отбасының бақыты. Қыз деп ренжуге болмайды. Ұлдан да артық қыздар бар. Ұл жасай алмағанды қыздар жасай алады. Олар батыл да, батыр ер мінезді жасық емес. Өткір", "Сәл қаталдау көрінеді екен" , "Аса қатты ұқсамайсыздар", - деді желідегі оқырман.

Талқылау