Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәди Рымбаев: Әли екеуміздің даусымыз ұқсайды, бірақ оған еліктемеймін

Мәди Рымбаев қыздар тыным бермейді деп шағымданады. Әсіресе, түнде жасырын нөмірден хабарласып жиі мазалайды. Дайректіне де хаттар   үздіксіз келеді екен. Бәлкім, сұлулардың сезімі шабыттандырған болар, әнші бозбала махаббат жайлы кезекті туындысын таныстырды.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Мәди Рымбаев жеке әнінің музыка авторы және өңдеуін де өз қолынан өткізеді. Мәтінін басқаға жаздырғанымен, негізі тақырыбының қандай боларына өзі бағыт сілтейді! Жас өнерпаздың жаңа туындыға шабытын оятқан ерекше жан кім болды екен?!

“Біреуге арнап жазудың қажеті жоқ менің ойымша. Енді, болашақта кездестірермін сол бір жанды. Қыздар енді болады звондайды, жасырын нөмірден. Дайректті міндетті түрде тексеремін. Әрқашанда жауап беремін”, – дейді Мәди Рымбаев.

Бала махаббаттың ғана дәмін татқан бозбаланы, бүгінде өзге дүние толғандырады. Актерлық мамандыққа машықтануды көздеп жүр. Келешегімнен үмітті әншімін дегенімен, оны 13 жыл музыка мектебінде білім алу мен бір сарындылық жалықтырғанын айтады.

“Әрине, бірінші демеушім ол анам. Негізі анам айтқан: “Әуелі мектепті бітір, сосын өнер академиясына түс. Сосын ғана, осы шығармашылығыңмен айналыса бастайсың”, – дейді Мәди.

Сондықтан да, әлі күнге берде-бір бейнебаян таспалауға мүмкіндігі болмаған. Бұған қоса, Әли Оқаповпен салыстырмаса екен деп тілейді.

“Әлидің інісі, Әлидің арқасында, мамасының арқасында деп көп айтылады. Ұқсау, еліктеу екі бөтен нәрсе. Мен ағама ешқашан еліктемеймін. Енді, дауысымыз ұқсас, енді не істейсің? Табиғат сондай”, – дейді Роза Рымбаеваның кенжесі.

Арманы – өнер әлемінде жеке тұлға болып қалыптасу!

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы Ақботаның “Гламур для дур” фильміндегі қаламақысын бермей қойған

Ернар Айдар жұбайының мамандығын білмей, ұятқа қалды

Сақал қойған “Күлпәш” өзін сынағандармен қайтпай ұрысты (фото)

Алматыда бар-бар: Еркеге жауап ретінде түсірілген клипке Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім түсті (видео)

Талқылау