Мәдениет министрлігі ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қарсы петицияны қабылдамай қойған
Фото: istockphoto.com
Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қарсы жарияланған петицияны бұғаттап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Queer kz, Feminita және Education Community құқық қорғау ұйымдары мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан цензура жасалғанын мәлімдеді. Мемлекеттік орган ұйымдардың ЛГБТ насихаттатына тыйым салатые заңға қарсы петициясын қабылдамай тастаған.
Ұйымдар Е-petition платформасына ЛГБТ-ны “насихаттауға тыйым салу” туралы заң жобасын сөз бостандығына қысым жасау және азаматтардың жеке өміріне араласу тетігі екенін айтып, заңға қарсы петиция жариялауға тырысқан. Авторлардың айтуынша, петиция заң талаптарына толық сәйкес келген, алайда Мәдениет және ақпарат министрлігі петицияны қабылдамай тастаған. Құқық қорғаушылар мұны қоғамдық талқылауды бұғаттау және 50 мың қол жинауға кедергі келтіру әрекеті деп санайды.
"Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, және ешқандай сыртқы саяси модельдер, соның ішінде Ресейдің цензуралық тәжірибесін көшіру, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының шегін айқындай алмайды", – делінген баспасөз хабарламасында.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, “насихат” туралы заңның балаларды қорғауға еш қатысы жоқ, оның мақсаты – сөз бостандығын шектеу, жеке өмірге араласу және қоғамды бақылауды күшейту.
Министрлік өтініш берушінің тұрғылықты жері мен электрондық поштасы петиция сипаттамасында көрсетілмегенін қабылданбауының себебі ретінде көрсеткен. Алайда авторлар заң мұндай деректерді жария түрде орналастыруды талап етпейтінін, E-petition жүйесінің бұл деректерді петицияны жіберу кезінде автоматты түрде жинайтынын атап өтті.
"Министрлік біз орындаған және мәтіннің жарияланатын бөлігіне қатысы жоқ талапқа сілтеме жасады", – дейді құқық қорғаушылар.
Олар мысал ретінде "Біз Қазақстандағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз!" атты басқа петицияны келтірді. Ол петиция мәтінде де мұндай деректердің көрсетілмегеніне қарамастан, петиция жарияланған.
Ал министрліктің ресми жауабында заң жобасы мәжілісте екі оқылымда мақұлданып, сенатқа жолданғаны, сондықтан мемлекеттік органның “заңдарды қайта қарауға құқығы жоқтығы” атап өтілген. Ал петиция авторлары мұндай ұстанымды заңдық тұрғыдан негізсіз деп санайды, өйткені заң парламенттің қарауындағы мәселелер бойынша петиция беруге тыйым салмайды.
Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңды қабылдаған еді.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды