Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрі «төсекке сүйремек болды» деп тағы бір алматылық бойжеткен мәлімдеме жасады

Мәдениет министріне қатысты дау-дамай басылар емес. Алматылық тағы бір бойжеткен өзіне Арыстанбек Мұхамедиұлының қырындағанын айтып берді, – деп хабарлайды ктк арнасы.

a641985b-47b0-487a-89dc-c19974f22235

Жүргенов атындағы өнер академиясының 5-ші курс студенті Мұхамедиұлының ерсі қылығына осыдан үш жыл бұрын тап болдым дейді. Яғни 2013 жылы бойжеткен студент алмасу бағдарламасы бойынша шетелде білім алғысы келген екен. Сөйтіп, сол кездегі ректор Арыстанбек Мұхамедиұлының қабылдауына кіріп, мән-жайды түсіндірген. Алайда ол кабинетінде қырыңдап, денеме қол жүгіртті дейді студент. Тіпті бірге түскі ас ішіп, жақынырақ араласуға ұсыныс жасаған екен.

«Дос болайық дейді. Дос болсақ сен ешнәрсе уайымдамайсың дейді. Кабинетіне шақырды шайға. Мен шай ішпеймін, сізден ештеңе керек емес дедім. Ол сен  қорқасың ба, зорлайды деп дейді. Мен одан ары ашуланып әрең шығып кеттім. Содан  ол тиісе бастады. Құшақтап, сүйіп. Сол кезде мен денемді сезбей қалдым. Шок болдым», – дейді Дана.

Дегенмен, үш жыл бұрынғы оқиғаны енді қозғап отырған қыздың қолында қандай да бір дәлел-дәйегі жоқ. Сондықтан, Еңлік Сыдықоваға да, оған да сотта біраз сабылуға тура келетін сыңайлы.

Талқылау