Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрі Бурабайдағы қызмет сапасын жақсартуға уәде берді

Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасы екі жыл ішінде жақсарады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

“Курорттық аймақтың дамыту туралы бағдарлама үкіметте мақұлданды. Туристер санын көбейту үшін жағдайды жақсартып, бірнеше тәсіл қолданамыз. Ең алдымен ішкі және жол бойындағы қызметті дамыту. Сондай-ақ туристерге ыңғайлы болу үшін жаңа нысандар салынады”, -дейді Мұхамедиұлы.

Туристер үшін Үлкен және Кіші Чебачьих көлі жабдықталатын болады. Бағдарлама екі жыл ішінде іске асырылады.

Бұдан бұрын мемлекет басшысы Бурабай курортын дамытып, туристерге өркениетті жағдай жасауды тапсырған еді.

Тағы оқыңыз:

Енді Еңбек министрлігімен WhatsApp арқылы байланысуға болады

Қыстыгүні аяқ пен қолды сынудан сақтап, үсіп қалмау үшін не істеу керек

Ақтөбедегі өрттен аман қалған автобус жолаушылары ауруханадан шықты

Дәрігерлер Астанада аяғын үсік шалған қыздың хәлі туралы айтып берді

 

Талқылау