Мүгедектер арбасындағы қыздың биі желідегілерді таңғалдырды (видео)
Бейнежазбаны Мәдина Түсіпбекова есімді қолданушы желідегі парақшасында жариялады.
Кадрда қыз MBAND тобының әніне билеген. Қыздың қозғалысы мен әрбір сәтті сезіне алуы оның кәсіби биші екенін байқатады. Ролик соңында автор қыздың есімі Айжан Жакулаева екенін хабарлаған.
Желі қолданушылары оның биіне риза болып, энергиясы мен ерік-жігеріне тәнті болғанын жасыра алмапты.
Айжан Жакулаева 27 жаста. Ол алты жыл бұрын омыртқасынан алған жарақат кесірінен бірінші топтағы мүгедек болып қалған. Бірақ бұл жағдай оның бимен айналысып, жарыстарда топ жаруына кедергі болмаған. Мәселен ол 2016 жылы ол арбада отырып билеуден Қазақстан чемпионатында бірінші орын алған.
Оқи отырыңыз:
Аяғын сындырған Жазира Байырбекова жүре бастады
Нұртас Адамбай Головкиннің командасына ол туралы кино түсіргісі келетінін айтып өтініш білдірді
Асанәлі Әшімов: Туыстарым менің таңдаған мамандығымды ұят санаған еді
Димашты Қазақстандағы Қытай елшілігі құрмет грамотасымен марапаттады