Луврдағы ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен әйел ұсталды

Фото: Svetlana Pechenkina / Shutterstock
Париждегі Лувр музейіне жасалған ұрлық бойынша ұсталған 5 адамның бірі ресми түрде айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BFMTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Франциялық ақпарат құралдарының мәліметінше, айып тағылған 38 жастағы әйел ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болғаны үшін тергеу изоляторына қамалды. Сот шешімі жарияланған сәтте ол көзіне жас алды.
Ұрлық ісі бойынша тағы бір күдіктіге де 1 қараша күні ресми айып тағылды. Ол ұйымдасқан топпен бірлесіп ұрлық жасау әрекеті бойынша тергеліп жатыр. Париж прокуратурасының дерегінше, бұл адам бұған дейін де істі болған.
“Күдікті сотты кейінге қалдыруды сұрады. Ол тергеу өткенге дейін уақытша қамауда болады”, - деп түсіндірді Париж прокуроры Лора Бекко.
Еске салайық, бұған дейін Луврдағы ұрлыққа бес күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Париж прокуроры Лора Беккон Лувр музейін тонауға қатысы бар деп күдікке ілінген екі адамның кінәларын ішінара мойындағанын мәлімдеген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік