Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лувр мұражайындағы ұрлықтың шығыны 88 миллион еуроға бағаланды

лувр ұрлықФото: Agenzianova.com

Париж прокуроры Лора Бекко Лувр мұражайынан ұрланған бағалы жәдігерлердің жалпы құны 88 миллион еуро (55 009 200 743,49 теңге) болып бағаланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz Agenzianova.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Прокурордың мәліметінше, залалдың сомасы "ерекше назар аударуға тұрарлық", алайда "материалдық шығынды тарихи құндылықтың жоғалуымен салыстыруға келмейді".

Прокурордың сөзінше, қылмыскерлер ұрланған бұйымдарды қайта балқытып, сатқан күннің өзінде де мұндай ірі табысқа жете алмайтын еді.

"Мұндай әрекетке бару өздеріне де, адамзаттың мәдени мұрасына да орны толмас зиян келтірумен тең", – деп түсіндірді Лора Бекко.

Қазір Париж прокуратурасы ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді анықтау және қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеу бағытында тергеу жүргізіп жатыр.


Кореяда қазақстандық жігіт елге оралу үшін мейрамхана тонаған


Алматыда бұрын сотталған екі адам түнде отбасының пәтеріне кіріп, тонап кеткен


Еске салайық, бұған дейін Парижде Лувр мұражайынан бағалы зергерлік бұйымдар ұрланғанын жазған едік. Франция президенті Эмманюэль Макрон бұл оқиғаға байланысты пікір білдіріп, ұрланған жәдігерлердің міндетті түрде қайтарылып, кінәлілердің жауапқа тартылатынын айтты. Ал осыдан бұрын Павел Дуров Луврдан ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 22 Қазан, 2025 11:50
Талқылау