Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында ғана талқыланады: СІМ Лукашенко мен Назарбаевтың сөйлесуіне түсінік берді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лукашенко мен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесуіне түсініктеме берді. Сөзінше мемлекеттік сыртқы саясатындағы қарым-қатынасты айқындау іс басындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзырына кіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгінгі жағдайға түсініктеме берді. Ол Лукашенко мен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында талқылайтын ортақ тақырыптары көп екенін айтты.
“Беларусь президенті біздің бұрынғы президентіміздің баяғыдан келе жатқан серіктесі, оларда талқылайтын тақырыптар көп. Бірақ өздеріңіз білетіндей, еліміздің сыртқы саясаты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Республикасының қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзырына кіреді. Сондықтан Қазақстан мен Беларусь арасындағы қатынастарды тек мемлекет басшылары арасында талқылауға болады”, - деді Смадияров брифингте.
Сонымен қатар, ресми өкіл олардың не туралы сөйлескені және нені ақылдасып, талқылағаны өздерінің жеке әңгімесі деді. Ал министрлік тек қазіргі екі мемлекет басшылары арасындағы қарым-қатынасқа негізделетінімен қорытындылады.
Еске салайық, бұған дейін Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенконың 25 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескенін жазған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған