Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко Беларуське ядролық зымырандар әкелінгенін мәлімдеді

Лукашенко Беларуське ондаған ядролық зымырандар әкелінгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: tass.ru

Беларусь президенті бұл туралы ел аумағына ресейлік "Орешник" зымыран кешенін орналастыру жоспары туралы сұраққа жауап беру кезінде айтты. 

“Мен мұнда ядролық зымырандар әкелдім. Ондаған дана. Көптеген адамдар: “Бұл әзіл, ешкім ештеңе әкелген жоқ” деп жазып жатыр. Әкелдік. Бұны "әзіл" деп жатқандар, оларды қалай әкелгенімізді де байқамай қалды”, – деді Лукашенко.


"Зымыран түскен жердегі температура 4000 градусқа жетеді": Путин "Орешник" жүйесін ядролық қаруға теңеді


Айта кетейік, 2023 жылдың наурыз айында Беларусь пен Ресей Беларусь аумағында ядролық қару орналастыру туралы келісімге келген. Путин мен Лукашенко өткен жазда ресейлік "Искандер-М" зымырандық кешендерін Беларуське беру мәселесін талқылады. Путин зымырандардың "таяу айларда" берілетінін және мұндай зымырандардың ядролық қаруды тасымалдай алатынын атап өткен еді.

Еске салсақ, бұған дейін Лукашенко 2025 жылы Беларусьте өтетін президент сайлауына жетінші мәрте қатысуға шешім қабылдағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 10 Желтоқсан, 2024 21:49