Луина: Күйеуім танысқан күні мені әйелдікке алуды ойлаған
Әнші Луина отбасылық қуанышымен бөлісті. Өнер иесі күйеуімен танысқанына 3 жыл толғанын айтып қуанды, деп жазады Stan.kz.
Ал керек болса! Бүгін сүйікті күйеуіммен танысқаныма үш жыл ғана емес, оның маған үйленуге ұсыныс жасағанына 2 жыл толып отыр екен. Ол танысқан күні-ақ маған үйленемін деп шешкен екен.
Сондай қызық! 3 жылда басымыздан неше түрлі өтті. Ұлымыздың өзі үлкен хикая", - дейді Луина.
"Отбасы болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды". Бұл сөздің төркінін халықтың ерке қызы жақсы түсінеді. Алайда махаббат пен сыйластық бар отбасында ол түкке тұрмайтынын да айта кетті.
800 миллионға дейін табыс тапқан: Атышулы "Супермамасита" қандай курс сатты және қоғам неге наразы?
"Иә, сөзге келіп қалатын кездеріміз болады. Бірақ ол жай, тіпті не себеппен ұрысқанымызды еске түсіре алмай жүремін. Отбасы бар! Бала бар! Құндылық бар! Біз бармыз!" – деп түйіндеді сөзін ол.
Луина күйеуімен танысқан күнін тойлап жатса, оның жақын құрбысы Жәния Джуринская жолдасын туған күнімен құттықтады. Ол өмірлік серігінің мінсіз ер екенін айтып мақтанды.
"Туған күніңмен, махаббатым! Сен – басымнан өткен ең ғажап дүниесің! Осындай мінсіз ерді кездестіргенімді-ай! Саған ештеңе тілемеймін, онсыз да бәрін жасап жүрсің және жасайсың. Тек аман бол", – деп жылы лебізін білдірді ол.