Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина: Қазақ тілін үйреніп жүрмін. Мен ана тілімде сөйлегім келеді

Луина отандық бағдарламалардың бірінде жұрттың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Қазақ тілі мен ұлттық киімдерді насихаттау мәселесі туралы ойын ашық айтты. Мұнымен қатар, отбасылық өміріндегі құпияларын бөлісті.

14709408_1776273972626657_542228716198035456_n

Бұл туралы Хабар телеарнасының “Компромат” бағдарламасында айтылды.

Сұрақтар Тимур Балымбетов, Айдын Жақсыбай, Фариза Байелі, Қалдыбек Жасаңбай есімді журналистер арқылы қойылды. Бірі әншінің ерекше дарынын тілге тиек етсе, енді бірі киімдеріне қатысты сын айтып жатты. Арасында әншіні “жоқ заңмен” қорқытпақ болғандар да болды.

– Сіз – қанша дегенмен қазақ қызысыз. Қашан қазақ тілін үйренесіз?

– Бұл сұрақ мені де мазалайды. Өзіме ыңғайлы болғандықтан, ойымды еркін жеткізе алатындықтан, орыс тілінде сөйлеймін. Маған орысша ойлап, орысша сөйлеген ыңғайлы. Жаңаөзенде тусам да, Ресей жерінде өстім. Орыс тілінде сөйлеуімнің бір себебі осы. Әрине, қазақ тілін міндетті түрде үйренемін. Ана тілімде сөйлеп, түрлі ойымды жұртпен бөліскім келеді. Дәл қазір қазақ тілі курстарына барып жүрмін.

– Сен мен үшін жұмбақ жансың. Таланттысың, сырт келбетің де өте әдемі. Мега жұлдыз болуға лайықсың. Бірақ неге аса танымал емессің? Бір шетінен Ресейге кеткің келіп жүрген сияқты.  (Тимур Балымбетов).

– Өкінішке орай, қазақ тілінде ән айтуға қиналамын. Әнді мінсіз орындау үшін қазақ тілінде ойлауың керек. Ресейге баруға тырыстым, бейнебаяндарымды жарнамаладық, сол елдің әншілерімен дуэт те жаздық. Әзірге шетелге танылудың түрлі әрекетін жасап жатырмыз. Бұйырса, ТМД көлемінде де ән саламын деген ойдамын.

– Осы жылдың сәуір айында сахнаға жартылай жалаңаш шығуға тыйым салу туралы заң қабылданды. Аталған заңның белгілі бір талаптары бар. Ал сіздің үстіңіздегі киімдер ол заңға сай келмейді. Неге?

– Айтқаныңызға рахмет, мен заңды қатты құрметтейтін адамдардың қатарынанмын. Заңға қарсы шығып, сізбен сөз таластырғым да келмейді. Үстімнен ашық-шашық киім көріп тұрған жоқпын. Өзіме қалай ыңғайлы, солай киінемін. Шектен шығып, ерсі қылықтар жасаған кезім болмаған. Өзімді есі дұрыс әншілердің қатарына қосамын. Гардеробымда киімдердің ұзыны да, қысқасы да бар. Бағдарламаға келмес бұрын осы сауалдың қойылатынын білдім. Сауалыңызға қайталап жауап беруге де дайынмын.

– Сіз өзіңізді қазақтың әншісімін деп есептейсіз бе? Қазақ өнері үшін не жасадыңыз?

– Мен Қазақстан эстрадасының әншісімін. Осы жерде туып, тыңдармандарым үшін ән салып жүрмін. Дәл қазір қандай әрекет туралы айтып жатқаныңызды түсінбедім. Қажет болса, ұлттық киіміміздегі фотосессиялар да бар. “Бағдарламаға жабық киім киіп келуіңіз керек еді” дейсіз. Сонда мен сізге жағымпаздануға міндеттімін бе? Ал әндерім көбінесе жастарға арналады Мәдениетімізді толық мойындаймын.

– Ауылдық жерлерде концерт қоясыз ба?

– Әрине, өзімнің Отанымда, ауылдық жерлерде концерт  қоямын. Тойда емес, клубтарда өнер көрсеткенді ұнатамын. Ал ауылдық жерге шақырып жатса, міндетті түрде барамын. Оның үстіне қай жерге қалай киініп бару керектігін жақсы түсінемін. Той болса, ол жерде жасы үлкен ағалар барын ескеремін. Менің салт-дәстүрге, мәдениетке түкіріп қараған кездер болмаған, болмайды да. Қазақтың халық әндерін жанды дауыста орындаймын.

– Бағдарлама барысында ана туралы әнді орындауыңызға не себеп болды?

– Мен тамаша отбасында тәрбие алдым. Ешуақытта қиналған емеспін. Берген тәрбиелері үшін ата-әжеме мың алғыс айтамын. Әжемнің үйінде ән жинағы болатын. Мен жаңа орындаған әнді әжем екеуіміз орындайтынбыз. Жасыратын ешнәрсе жоқ, анам менің 5 жасымда із-түссіз жоғалып кеткен. Ол туралы осы күнге дейін бірде-бір хабар естіген емеспіз. Ал әкем онымен ертеректе ажырасып кеткен.

– Сіз бен продюсеріңіздің арасында қандай қарым-қатынас бар? Сіздің кішкентайыңыздың бар екені рас па?

– Аса қызық тақырып болмаса да, сауалыңызға жауап берейін. Біз Жомарт екеуіміз азаматтық некеде бес жылдан бері тұрып жатырмыз. Оның анасымен және үш баласымен бірге тұрамыз. Келер жылы қарым-қатынасымызды заңдастыруды жоспарлап отырмыз. Шоу бизнестің отбасылық жоба екенін түсіндім. Менің директорым да жоқ, қасымда үнемі Жомарт жүреді. Ол мен үшін бар күш-жігеріп салып еңбектенеді. Келесі жылы арамыздағы келісім-шарт аяқталады. Сол кезде мен басқа продюсерге ауыса аламын. Мен оны қатты жақсы көремін, өзімнен артық сенемін.


Жіберіп алмаңыз:

«Титаник» фильмін өзге қырынан

Қайрат Нұртас жол апатына ұшырады (фото)

Қазақстандық жұлдыздар өнердегі жемқорлық туралы айтып берді

Қызына Абайдың өлеңін үйретіп отырған Мейрамбек тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Талқылау