Луина Дубайға көшетінін айтты
Әнші Луина отбасымен Дубайға көшпек. Жуырда Біріккен Араб Әмірліктерінде демалған өнер иесі осындай байламға келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бір сәтте Қазақстанның бізге таршылық етіп жатқанын сездік. Мұндағы инфрақұрылымның дамып кеткеніне қарап, оның бар кереметін сезінгің келеді. Климат, өмір сүрудің жоғары деңгейі, айналада көптеген әдемі заттар, көздің жауын алатын мықты көліктерден бастап, бутиктер мен мейрамханаларға дейін.
Тема екеуміз: "Осының бір бөлігі болсақ қайтеді?" деп ойладық. Бірақ енді турист ретінде емес, Дубайдың тұрғыны ретінде", – деп бөлісті әнші.
Айтуынша, күйеуі Артем жат елде немен айналысатынын ойластырып, бизнес жоспар құрып үлгерген. Сондай-ақ көп балалы болуды армандайтын әнші екінші сәби туралы ойлап жүргенін айтты.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты