Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина із-түссіз жоғалған анасының суретін көрсетті (фото)

Әнші көп жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен анасының суретін көрсетті.

16229180_376024706098011_5166707827292504064_n

Фото: instagram.com/luinaofficial/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Луина алғаш рет әлеуметтік желі арқылы анасының суретін көрсетті. Туысқандарының айтуынша, әншінің анасы көп жыл бұрын із-түссіз жоғалған.

Әнші Луина 3 жасынан бері әкесін де, анасын да көрмеген. Анасы іс-түссіз жоғалып кетсе, әкесі өз бетімен өмір сүріп жатыр. “Ата-анамның бала кезімде ажырасып кеткені ешкімге де жасырын емес. Қазірдің өзінде әкемді көріп қалсам, ештеңе болмағандай сөйлесе беретін шығармын. Бәрібір мен мінезі жұмсақ адаммын. Адамды кешіре білу керек деп ойлаймын. Кез келген жағдайда ол мен бас қатыратын мәселе болған жоқ. Олар да жас болды, қателескен шығар. Бір-бірлерін түсіне алмаған шығар. Бәріне байыппен қараймын және әрбір адамға осылай өмір сүруге кеңес беремін”, – деді ол сұхбаттарының бірінде.

16124020_1941814032719517_4021420459550572544_n

Бүгінде ол әкесінің қайда тұратынын білмейді. Алайда іздеуге шындап кіріссе, міндетті түрде табатынын айтып жатыр. Бірақ оны іздегісі де келмейді екен. Жуырда ол Астраханьдағы әпкесінің (анасының әпкесі) үйіне барып қайтқан екен. Сол жерден өзінің анасымен бірге түскен суретін тауып алған. Ол әлгі суретті жұртқа да көрсетуді жөн көрді.

“Жуырда Астраханьда тұратын туған әпкемнің үйіне барып қайттым. Үйдегі фотоальбомдарды қарап шықтым. Анам екеуіміз бірге түскен суретті тауып алдым. Мен және менің анам”, – дейді Луина. Желі қолданушылары өз кезектерінде оның ерекше сұлу екенін тілге тиек етті. Мұнымен қатар, оны іздеп көруге кеңес беріп жатқандар да болды.


Жіберіп алмаңыз:

Қосыла ән шырқаған Кенжебек Жанәбіловтің егіздері көпшілікті сүйсінтті (видео)

Димаш Қытай шоу бизнесінде көш бастап тұр

Витас Димаш Құдайбергеновке өз әнін орындауға тыйым салды

5 мемлекетте демалып келген Баян Есентаева іске кірісті

Талқылау