Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Lufthansa Қазақстанға әуерейстерін қайта бастайды

Lufthansa Қазақстанға авиарейстерін қайта бастайдыФото: Freight Waves

2026 жылғы 29 наурыздан бастап неміс әуекомпаниясы Lufthansa Франкфурт-на-Майне қаласынан Алматыға бес, Астанаға төрт тұрақты рейсті қайта іске қосады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстер Airbus А340-300 ұшағымен жүзеге асырылады, үш қызмет көрсету класы бар: толық төсекке айналатын орындықтары бар бизнес-класс, жоғары ыңғайлылықтағы премиум-эконом және халықаралық эконом-класс.

“Әуеқатынастар шеңберлік принцип бойынша жүргізіледі: әр қаладан тікелей рейстер де, Алматы мен Астанада аралық қонуымен рейстер де ұсынылады. Бұл Еуропа мен Солтүстік Америка қалаларына қосымша байланыстар жасауға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2025 жылғы шілдеде Lufthansa Қазақстанға рейстерді уақытша тоқтатқанын жариялаған еді. Сол кезде рейстер 2025 жылғы 26 қазаннан 2026 жылғы 29 наурызға дейін тоқтатылатыны хабарланды. Ал бұған Ресей әуе кеңістігін айналып өту шығындарының өсуі, ұшақтардың жетіспеушілігі және маусымдық жолаушылар ағынының азаюы себеп болған.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026 17:57