Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотерея табыс көзі бола ала ма?

Бүгінгі күні елімізде ұйымдастырылатын лотереялар өз аудиториясын жинап үлгерді. Бұл ойын түрінің ғасырлық тарихы бар екені де белгілі. Десек те лотереялар байлыққа кенелудің жолы ма әлде ойын-сауық құралы ма? Бұл туралы бүгінгі материалымызда айтып бермекпіз. 

лотерея

Лотереяны әуесқойлық ретінде қарастырған жөн және оған ең жақын қызығушылық ретінде спортты мысалға келтіруге болады. Мәселен, лотерея да футбол ойыны секілді халықты әлеуметтік мәртебесіне, жасына немесе жынысына қарамастан біріктіреді. Бұған қоса, әрбір кезекті ұтыс ойынына қатысушылардың саны футболдан асып түспесе, кем болмайды. Сондай-ақ, лотереяның әр ойыншысы сайыс кезінде спорт жанкүйерінің күйін кешетіні тағы бар. 

Басқа қырынан алғанда лотереяны ойға арналған жаттығу ретінде қарастыруға да болады. Осы тұста лотереяны шахматпен салыстыруға келеді. Ойыншы сандар комбинациясын таңдамас бұрын болжамды түрде жеңіске алып келуі мүмкін сандардың тізбегін ойластырады. Жаңа сандар тізбегі мен өткен жолғы лотерея ұтысының нәтижелерін саралау өз кезегінде мидың белсенділігін ұлғайтады. Яғни, лотерея ойыны интеллектуалдық қабілеттің артуына себепші болады. 

Әрине, ұтыс ойындарының қаржылық тұрғыдағы пайдасын жоққа шығаруға келмейді. Егер айыңыз оңынан туып, лотереяда жеңіске жетсеңіз, сіздің қомақты жүлдеге ие болуыңыз ғажап емес. Мысалы, "Сәтті Жұлдыз" ұйымдастыратын "LOTO 5/36" ойынын алып қарайық. Мұнда ұтысқа ие болу үшін кемінде екі санды дұрыс тапсаңыз жеткілікті. Ал егер 3, 4 немесе 5 нөмір сәйкес келсе, жүлде көлемі де едәуір артады. Бұл тұрғыда лотереяны қосымша табыс мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.

Атап өтерлік жайт, билетті сатып алғанда, ұтысқа қатысушы өзінің құқықтарынан бөлек, өз міндеттерін де естен шығармаған дұрыс. Егер ойыншы жеңіске жеткен жағдайда ол мемлекетке белгілі мөлшерде салық төлеуі қажет. Сондай-ақ, лотерея өткізуден түскен қаражаттың нысаналы мақсаты болады. Бұл қаражат спортты, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін, қайырымдылықты және т.б. дамытуға барады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми түрде лотерея ұйымдастыруға жалғыз жауапты ұйым ретінде "Сәтті Жұлдыз" АҚ саналады. Ал лотереялардың сатылымы, тираж барысы мен ұтыстың тағайындалу үрдісі мемлекетпен реттеледі. Жалпы жүлде қоры, әдетте, алынған кірістің 50%-ын құрайды. Лотерея билеттерінің сатылымы мен ұтыс нәтижелерін білу үшін сату нүктелерінен немесе ұйымдастырушының ресми сайтынан білуге болады. Ал лотерея билеті бойынша тиесілі соманы алу үшін қатысушы тираж қорытындылары жарияланғаннан кейін 6 ай ішінде ұйымға жүгінуге тиіс. 

Айта кетейік, 28 наурыз күні "Сәтті Жұлдыз" су жаңа пәтердің иесі атану мүмкіндігін сыйлайды. Ол үшін Telebingo лотереясын "Қазпошта" бөлімшелері арқылы немесе онлайн сатып алып, ойынға тіркелу қажет. Бұған қоса, ұтысқа SMS жолдау арқылы қатысуға болады. Жеңімпаздарды анықтау кездейсоқ сандар генераторы арқылы жүзеге асырылады. Алған билеттеріңіздің саны барынша көп болған сайын, жаңа үйді ұтып алу мүмкіндігі де жоғарылайды. 

Толығырақ мына сілтемеден өту арқылы оқи аласыздар. 

Еске салайық, бұған дейін "Сәтті Жұлдыз" елімізде алғаш рет ұлттық лотереяның "ішкі кухнясымен" танысуға бағытталған экскурсиялық турлар ұйымдастыратыны жайлы айтылған еді. Мұнда экскурсияға келушілер лотереяның толық ашықтығын өз көздерімен көріп, жүргізушімен әңгімелесіп, лототронды тексеру мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, олар тираждың ұтыс ойынын тікелей эфирде бақылап, өздерінің ұсыныстарын білдіре алады. Экскурсияға "Сәтті Жұлдыздың" сайтында жазылуға болады. 

Талқылау