Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лос-Анджелесте “Оскар” жүлдесінің 90-шы марапаттау рәсімі басталды

Лос-Анджелестегі Dolby театрында “Оскар” жүлдесінің 90-шы марапаттау рәсімі басталды. АҚШ-тың басты марапаттау рәсіміне келушілер ерекше киімдерін көрсетіп, қызыл алашамен жүріп өтті.

Бұл туралы Риа Новости хабарлады деп, жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл шараның алдыңғы Алтын Глобус және британдық BAFTA жүлделерінен айырмашылығы кинофестиваль қонақтары тек қана қара киім емес, түрлі түсті көйлектермен де келген. АҚШ киноөнері академиясының әржылдық жүлдесінің марапаттау рәсімін әйгілі әзілкеш Джимми Киммел жүргізді. Айта кетейік, былтығы марапаттау рәсімін де Джимми жүргізген болатын.

АҚШ киноөнері академиясының жүлдесі әрқайсысында бес үміткерден тұратын  24 номинацияда ұсынылады. Жылдың ең үздік фильмы номинациясына “Форма воды”, “Три билборда на границе Эббинга, Миссури”, “Зови меня своим именем”, “Прочь”, “Леди Берд”, “Призрачная нить”, “Темные времена”, “Дюнкерк” және “Секретное досье” фильмдері бәсеке түсті.

 

Талқылау