Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондондық "Челсидің" бұрынғы ойыншысы "Қайсар" сапына ауыспақ

Виктор МозесФото:”Челси” фк

Лондонның "Челси" клубының экс-футболшысы Виктор Мозес Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

AmanVIBE Telegram-арнасының мәліметінше, 35 жастағы ойыншы Қызылорданың "Қайсар" клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қоюға жақын.

Виктор Мозес кәсіби мансабын "Кристал Пэлас" сапында бастап, кейін "Уиган Атлетикке" ауысты. Дәл осы клубтағы сәтті ойыны оның "Челсидің" назарына ілігуіне себеп болды.

Футболшы мансабындағы ең табысты кезең 2016/17 маусымына тұспа-тұс келді. Антонио Конте жаттықтырған "Челси" құрамында ол Англия Премьер-лигасының чемпионы атанып, негізінен қаптал қорғаушысы позициясында өнер көрсетті.

Сондай-ақ Нигерия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы "Сток Сити", "Вест Хэм", "Фенербахче", "Интер", Мәскеудің "Спартагы" және "Лутон Таун" клубтарының намысын қорғаған.

Ақпаратқа сәйкес, футболшының ресми таныстырылымы 24 қаңтар күні Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарланған.


Қазақстандық тағы бір клуб жекенің қолына өтеді


Қазақстандағы 14 футбол клубының бесеуі жекенің қолына өтті


 

Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында "Қайсар" 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде 11-орынға тұрақтады. Ал 2025 жылы клуб жекешелендірілген алғашқы қазақстандық футбол клубы атанды. Қазіргі таңда клубты жергілікті кәсіпкер Исламғали Қозбақов басқарып отыр

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026 12:54