Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонда аттракцион 60 метр биіктікте бұзылып, кабинада адамдар қамалып қалды

Лондонда әткеншек бұзылып, адамдар кабиналарға қамалып қалды. Оларды құтқару операциясы 4 сағатқа созылған.

скачанные файлы

Фото: kp.ru

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

“Стар флайер” аттракционындағы апат 60 метр биіктікте болған. Британдық өрт сөндірушілер туристерді арнайы көпсекциялы созылмалы сатының көмегімен жерге түсірді.

Осылайша, 19 адам құтқарылған. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шекпеді. Оқыс оқиға бойынша тергеу ісі жүріп жатыр.

Талқылау