Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондон соты зейнетақы қорына қарыз Мақсат Әріптің элиталы үйін тәркіледі

Лондонның Жоғарғы соты “Қазақстан қағазы” АҚ-ның бұрынғы акционерлеріне қарсы шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.

“Бұл шешім жүзеге асса,  компанияның “БЖЗҚ” АҚ  салымшылары алдындағы борышын өтеуіне мүмкіндік туады. Берешектің номиналды құны 12,5 млрд теңгені құрайды”, — деп жазылған хабарламада.

“Қазақстан қағазы” АҚ-ның бұрынғы акционерлерге қатысты талап-шағымның жалпы сомасы 260 миллион АҚШ долларын құрады. Сот Мақсат Әріптің 95 миллион АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне және оның 17 миллион АҚШ долларына бағаланған тұрғын үй ғимаратына  бұғау салды. Екінші бұрынғы акционер Бағлан Жүніспен 3 млн АҚШ долларына бейбіт келісім жасалды.

4 жылдық сот дауының нәтижесінде Лондонның Жоғарғы соты “Қазақстан қағазы” АҚ мен кредиторлар тобының  шағымдарын негізді деп тапты. “Қазақстан қағазы” АҚ-ның пайдасына шешілген қаржының нақты сомасы ағылшын құқына сәйкес, яғни соттың қосалқы тыңдаулары барысында белгілі болады. Сот 2018 жылға белгіленген.

Осылайша, аталмыш соттың шешімі “Қазақстан қағазы” АҚ-ның зейнетақы активтері бойынша борышын қайтаруына шынайы мүмкіндік тудырып отыр.

Айта кетейік, 2001 жылы құрылған “Қазақстан қағазы” компаниялар тобы  Қазақстан мен Орталық Азия аумағы бойынша қағаз өнімдерін және қосалқы шикізаттан орама бұйымдар шығаратын ең ірі компаниялардың бірі болатын.

2015 жылдың 2 қазанында “Қазақстан қағазы” АҚ облигациялар бойынша екінші мәрте міндеттерін орындамай, шығынғы ұшырады.

2016 жылдың қыркүйегі мен 2017 жылдың қараша айының аралығындағы оңалту кезеңінде Эмитенттің БЖЗҚ алдында өтеген борышы 358 миллион теңгені құрады.

2013 жылдың тамыз айында Эмитенттің сол кездегі басшылығы Лондонның Жоғарғы сотына компанияның бұрынғы акционерлері Мақсат Әріп, Бағлан Жүніс, Шынар Диханбаеваға қатысты қаржыны жымқырды деп шағым түсіру туралы шешім қабылданған болатын.

Қазіргі таңда “Forte bank” АҚ-ның шағымы бойынша Эмитентке қатысты оңалту шараларын тоқтатып, банкроттық шарасын бастау туралы іс қаралып жатыр. Қор қаржыны қайтарудың оңтайлы жолы оңалту шарасын  жалғастыру деп санайды.

Оқи отрыңыз:

Президент зейнетақы қорындағы қаржыны инвестициялауды тапсырды

Президент қазақстандықтардың зейнетақы қоры туралы сұраққа жауап берді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы қауіпті екі банкте сақталған

 

Талқылау