Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Локомотивтерге арналған мотор майларын жеткізген: ҚТЖ-ға еншілес компания 12 миллиард теңгеге заңсыз келісім жасаған

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалы" қызметінен бәсекелестікке қарсы әрекеттер анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚТЖ

Мәліметтерге сенсек, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізген тергеп-тексеру кезінде HILL Corporation ЖШС мен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС арасындағы бәсекелестікке қарсы келісім анықталды.

Тергеп-тексеру барысында "ҚТЖ-ЖТ" локомотивтерге арналған мотор майларын сатып алу кезінде әлеуеті жететін жеткізушілерді лайық көрмей, арнайы шарттар қолданғаны белгілі болды. Бұл олардың сатып алу конкурстарына қатысуына кедергі келтіріп, бастапқыда-ақ HILL Corporation компаниясының мүддесіне жұмыс істеуіне бағытталған әрекеттерді айқындады.

"Тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты компания сотқа шағымданған еді. Алайда 2025 жылғы 11 наурыздағы Жоғарғы сот қаулысына сәйкес, жергілікті соттардың HILL Corporation  ЖШС мен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС қатысты Агенттік тергеп-тексеруінің заңды екені туралы шешімдері өз күшіне енді. Локомотивтерге арналған мотор майларын жеткізу саласында анықталған бәсекелестікке қарсы келісімнің жалпы сомасы 12 миллиард теңгеден асты, – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін ҚТЖ еншілес кәсіпорнынан заңсыз кірген миллиондаған теңге тәркіленді. Акционерлік қоғам бәсекелестік туралы заңнаманы бұзған. 2021 жылы "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы" АҚ еншілес кәсіпорны тасымалдауға монополиялық жоғары баға белгілеген. Компанияның өз қызметтері үшін жинаған комиссиялары рұқсат етілген нормалардан асып кеткен. Демек Қазақстандағы теміржол тасымалы құнының 30%-ы.

Талқылау