"Литрі 102 теңге": 1 ақпаннан бастап Қазақстан қалаларында сұйытылған газ бағасының қаншаға өсетіні белгілі болды
Энергетика министрі ел аумағындағы автогаз құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітті. Енді Қазақстанда автогаз бағасы 1 ақпанынан бастап көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Freepik.com
Министрлік қаулыны 2025 жылғы 29 қаңтардағы бұйрықпен бекітті.
Онда автомобиль газының құны мынадай:
- Астанада – литрі 102 теңге (қазір 82 теңге);
- Алматыда – литрі 102 теңге (қазір 89 теңге);
- Ақтөбе, Атырау облыстарында – 77 теңге (қазір 59 теңге);
- Ақмола, Алматы облыстарында – 102 теңге (қазір 84 және 89 теңге);
- Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында – 102 теңге (қазір 84 теңге);
- Жамбыл облысында – 90 теңге (қазір 78 теңге);
- Батыс Қазақстан облысында – 77 теңге (қазір 70 теңге);
- Қызылорда облысында – 90 теңге (қазір 70 теңге);
- Маңғыстау облысында – 65 теңге (қазір 59 теңге);
- Павлодар облысында – 102 теңге (қазір 81 теңге);
- Солтүстік Қазақстан облысында – 102 теңге (қазір 89 теңге);
- Шымкент және Түркістан облысында – 90 теңге (қазір 70 теңге).
Министрліктің бұйрығы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жанармай мен сұйылтылған газ бағасы ақпаннан бастап көтерілетінін хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген