БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бір де бір қате жоқ": Лингвистикалық комиссия Тоқаевтың қазақ тілін қаншалықты білетінін бағалады

Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді қаншалықты жақсы білетінін дәлелдеу үшін емтихан тапсырды. Лингвистикалық комиссия президенттің қазақ тілін толық меңгерген айтып, жауабына жоғары баға берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

тоқаев

Лингвистикалық комиссия жұмысын бастап, тұңғыш үміткерден емтихан алды. 

«Nur Otan партиясы ұсынған үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев емтихан тапсырып, екі сағат шамасында осы жерде болды. Ережеге сай емтихан тапсырып, «Абай өлеңдері мен қара сөздері» тақырыбын, сондай-ақ, екінші Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелері мен хикаялар жинағын таңдап алды. Үшінші кезеңде Қазақстанның геосаясаты туралы толыққанды әңгімелеп берді», - дейді комиссия төрағасы. 

Мырзатай Жолдасбеков Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерінің маңызы туралы әңгімелеген Тоқаевқа жоғары баға берді. 

«Жұмысынан бір де бір қате таппадық. Тұңғыш президентіміз де осылай жазған болатын. Шерхан Мұртазаны таңдап алып, үш бетін мәнерлеп оқып шықты. Қазақстанның қазіргі геосаясаты туралы тереңінен толғаған кезде қатты таңғалдым. Комиссия мүшелері өз жұмысын толық атқарып, пікірлерін бөлісті: Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік тілді толық меңгерген», - деді Жолдасбеков орталық сайлау комиссиясы ғимаратында тұрып. 

Сондай-ақ, ол өзге де кандидаттарға шын жүректен сәттілік тіледі. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр