Лидо купальниктегі суреттері мен ерлерге тән шаш үлгісін сынағандарға жауап берді
Әнші Лидо (Лидия Досалина) желідегі “ақыл айтқыштарға” деген ренішін білдірді. Ол ашық-шашық суреттері мен ерлерге тән шаш үлгісін сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Демалысқа шығып, купальникпен түскен суреттерімді жариялаған сайын, бойжеткендер, үлкен әпкелер ақыл айтып, кеңестерін береді. Бірақ ол сын емес, достар. Ол өз пікіріңді, комплекстеріңді, өмірлік қағидаларың мен стереотиптеріңді маған сіңіруге тырысу. “Сіз мұндай жаста бұлай киінбеуіңіз керек”, “Сіз ана емессіз бе, мына жүрісіңіз не?!”, “Шашыңызды өсіріңізші, жараспайды. Еркек сияқтысыз! Әйелдің шашы ұзын болуы керек. Сіз ерлерге ұнамайсыз…”
Мені жайыма қалдырыңыздаршы, өтініш. Мен өз өмірімді қалағанымша сүріп жатырмын. Сіз өз стереотиптеріңізбен, ережелереңізбен, сұлулық пен әдепке деген ерекше көзқарасыңызбен өмір сүре беріңіз. Бірақ өз жарғыңызбен менің әлеміме қол сұқпаңыз. Менің ата-анам, күйеуім, балаларым бар – олар мені осы қалпымда жақсы көреді, мені мақтан тұтады”, – дейді Лидо.
Бұл орайда желі қолданушылары Лидоны қолдап, жағымсыз сөздерге мән бермеуге шақырды.
“Сіздің дене мүсініңіз көптеген қыз-келіншектерге үлгі, мотивация. Сіз – сұлу, жас әрі сәнқой әйелсіз. Бақытты болыңыз және мұндай тектес сындарға, “жылы-жылы” кеңестерге мән бермеуге тырысыңыз”, – деп қолдау білдірді оқырмандардың бірі.
“Өте сұлу әйелсіз. Тіпті, үш бала туса да, жас әйелдің қандай болу керектігін көрсетіп жүрсіз. Менің де үш балам бар, жарайсыз”, – деп қоштады екіншісі.
Тағы оқыңыз:
Бастық болған ұнайды: Мөлдір Әуелбекова болашақта шенеунік болуы мүмкін
Тиматидің шоуына қатысып жатқан қазақ қызы Black Star әртісімен дуэт орындайды
Ет жақынынан айырылған Жұбаныш Жексенұлы Астанадағы концертін кейінге қалдырды