Лидо үйсіз әрі аш-құрсау балаларға тамақ алып берген
Лидо басынан өткерген оқиғасымен бөлісіп, жұрттан бұл ісін жария еткені үшін өзін сөкпеуді өтінді. Әнші көшеде кезіккен үйсіз балалар мен олардың анасына тамақ алып берген.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Бүгін басымнан мынадай жағдай өтті. Дұрыс түсініңіздер, мақсатым – мақтану не басқа нәрсе емес. Тек елден асығыс шешім шығармауды өтінгім келеді, себебі бұл мәселеде өзім жиі қателесемін.
Қысқасы, маникюрге бара жатқан кезде алдымнан 9 жасар бала шығып, тырнаққа жағатын лак сатып алуымды өтінді. Өзі тек қазақ тілінде сөйлейді. Мен лактың керегі жоқ екенін айтып тек ақша ұсындым. Алғашқыда жаман ойға берілгенімді мойындаймын. Анасы ішімдікке салынған, енді баласын қайыр сұрауға жіберіп отыр деп ойладым. Сол сәтте әлгі бала: «Тәте, бізге тамақ алып беріңізші, қарнымыз аш, әне анам мен екі қарындасым отыр: 4 және 2 жаста», – деді.
Шынымды айтсам, көз жасымды әрең ұстап қалдым. Біз тұрған жерде кішкентай дүкен болды. Баламен бірге кіріп, қалаған нәрсесін алуын айттым. Өзі қарапайым, тек шұжық жегісі келетінін айтты. Сосын нан, шұжық, ірімшік, сүт, йогурт пен тәттілер алып бердім. Пакетті анасына ұстаттым, сырттай жақсы әйелге ұқсады.
Айтайын дегенім, асығыс шешім шығармаңыздаршы… Көздеріне қарасаңыз, аш екенін бірден түсінесіз. Қатты аяп кеттім, туған баламдай аядым, қанша дегенмен бала ғой. Тағы бір өтініш, балалы әйелдерге, қарттар мен балаларға бірдеңе сатып алып беріп жүріңіздерші… Біз үшін ол көп ақша емес, есесіне бір адамдар бүгін аш ұйықтамайды. Тек бір нәрсеге өкініп тұрмын. Телефонын алмаппын, суретке де түсірмеппін. Мүмкін көмектескісі келетіндер табылар ма еді…» – дейді Лидо.
Желі оқырмандары Лидоның мейірімділігіне, қарапайымдылығына тәнті болды. Көпшілік үйсіз балаларды қай жерден табуға болатынын сұраумен болды.
“Жарайсың, жерлес”, “Көз жасымды әрең тыйып отырмын. Оларды аналар үйіне қабылдар ма екен?”, “Оларды қаланың қай жерінен таба аламыз?”, “Алла разы болсын”, “Оларды қай жерден тапқаныңызды жазыңызшы, мен де көмектескім келеді”, “Балаларға обал, өзім бір балаға көмектесемін, тек ол жалғыз. Түсінбейтінім, асырай алмаса, қол жайып отырса, несіне көп бала туады?”, “Маған да айтыңызшы, қолдан келгенше көмектесейін”, – дейді желі оқырмандары.
Жіберіп алмаңыз:
Жанкүйерлері Инстаграмды Димаштың қолдан салынған суреттерімен толтырды (фото)
Қытайда Димаштың суреттері бейнеленген заттар сатыла бастады (фото)
Аша Матай алаяқ жарнамашыларды сотқа бермек
Мәдина Сәдуақасова Таиланд ханшайымының киімін киіп тағы да сынға қалды (фото, видео)