Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойда ән айтып, билеген Лидия Кәденова желіні жарып жатыр

Фото:

Желіде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Кәденованың бір мерекелік жиында ән айтып, билеген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лидия Кәденова Сейдолла Бәйтерековтің “Түрлі түрлі екенсің” әнін орындап, әуен ырғағымен тербеле билеп шықты.

Көптен бері көпшілік алдына шықпай кеткен өнерпазды әлеуметтік желіден көрген жұрт сағынышын жасыра алмай, жылы лебізін білдіріп, пікірлерін жаудырып жатыр.

“Осы жасында мынадай дауыс, осындай қимыл өте керемет. Жасай беріңіз”, “Керемет, нағыз өнер жұлдызы”,Құрметтеймін, актриса ғой. Осы жасқа келіп билеп, қозғалғанының өзі қандай”, “Міне нағыз актриса, әп-бәрекелді”, “Тамаша айтып тұр, недеген энергия десейш”, – деп жазған олар. 

Айта кетейік, бұған дейін Лидия Кәденова әріптесі Меруерт Түсіпбаеваға сырғасын шешіп бергені хабарланған еді. 

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 06 Қаңтар, 2026 19:08