Левиттің даулы жеңілісінен кейін AIBA кейбір төрешілерді босатты
Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) Рио-де-Жанейродағы Олимпиададағы ұрыстар қорытындысымен шығарылған бірқатар төрешілер шешімдерін қайта қарады.
Бұл туралы Sports.kz хабарлаған.
«Барлығы 239 ұрыс өтті, олардың кейбірінде төрешілік тиісті деңгейден төмен болды. Олар бойынша жұмыс жасаған төрешілер шеттетілді және бұдан әрі Олимпиада-2016 жекпе-жектерінде қызмет атқармайды», делінген АІВА мәлімдемесінің мәтінінде.
Сонымен бірге қауымдастық тәртіптік санкциялар қолданылған төрешілердің аты-жөнін келтірмеген.
Еске сала кетейік, соңғы бірнеше күн бойы олимпиадалық бокста бірден екі дау туындады және екеуі де ресейлік боксшылардың пайдасына шешілді. Әуелі төрешілер жеңісті қазақстандық Василий Левитке емес, Евгений Тищенкоға берді, одан кейін Владимир Никитин ирландтық Майкл Конланнан күштірек деп санады.
Бұдан кейін Қазақстандық бокс фендерациясы АІВА ережелері бойынша, төрешілер шешіміне қарсы шағым бере алмайды және ҚБФ Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі ретінде бұл ережелерді сақтауға міндетті, деп атап өтті.
Айта кетейік, қазақстандықтар боксшының күміс медалін олимпиадалық «алтынмен» бағалауды және олимпиада чемпиондары деңгейінде сыйақы төлеуді ұсынды. Бүгін федерация осы бастаманы қаперге алғаны белгілі болды.
«Василий Левит олимпиадалық рингтегі финалдық жекпе-жегінде көрнекті нәтиже көрсетті, жеңіске деген еркін білдірді және ол олимпиадалық күміс медальға ие болса да, оған мемлекет 150 мың доллар сыйақы төлейді, Қазақстандық бокс федерациясының бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаевтың шешімімен бұл сомаға тағы жүз мың доллар қоса төленеді, сөйтіп, Левиттің сыйақысы «алтынға» теңеледі», деп хабарлады ҚБФ.
Жіберіп алмаңыз:
Америкалық букмекерлер Левиттің жеңісіне бәс тіккендерге ақша бере бастады
Левиттің алтын медалін «сыйға» алған ресейлік боксшы Путиннің күзетшісі болып шықты
Левит-Тищенко жекпе-жегін қайта қарау туралы петицияға 11,5 мың адам қол қойды
Левитке Олимпиада алтынына берілетін сыйақы табысталады