Ленин шахтасындағы бес кеншінің өлімі: Апатқа тек жұмыс беруші кінәлі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ленин шахтасындағы апатқа қатысты комиссия жұмысының қорытындысымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр өз сөзінде апатқа байланысты жұмысшылардың кінәсі анықталмағанын айтты.
"Комиссия апаттың бұрын қазылған шұңқырлардан көмір шаңы мен газдың шығуына байланысты орын алған газды-динамикалық құбылыс салдарынан болғанын анықтады", – деді Ильин.
Сонымен қатар инженерлік-техникалық қызметкерлер тарапынан бақылау толыққанды жүргізілмеген. Әрі газ шығу бойынша болжам жасайтын 25 қызметкердің орнына тек 13 шебер жұмыс істеген. Әрі 25 жерасты электр дәнекерлеушілер болуы қажет, алайда шахтада тек 16 дәнекерлеуші болған.
Юрий Ильиннің сөзінше, апатқа тек жұмыс беруші кінәлі, ал жұмысшылардың еш кінәсі жоқ. Қазір 26 адам күдікке ілінген. Олардың қатарында "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы да бар.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”