Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ләззат – бұрынғы, Шынар – қазіргі келінім": Әнші Шаһизада келіндерінің татулығын көрсетіп, көпке үлгі етті

Фото: https://www.instagram.com/shahizada_collection/

Танымал әнші Шаһизада экс-келіндерін көрсетіп, олардың тату екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жеке парақшасында отбасына қатысты видео жүктеді. 

“Өз-өзіме шапалақ соғып отырмын. Өйткені екі келініммен де доспын. Түсінбей жатқандарға, айтып өтейін: Ләззат – менің бірінші келінім, ұлым екеуі ажырасып кеткен. Ал Шынар – ұлымның қазіргі келіншегі. Бүгінде барлығымыздың арамыз тату. Аллаға шүкір! Өйткені немерелер бар. Осындай отбасымыз жайлы кішігірім дерек", – деп жазды әнші.



Еске салайық, әнші өзі де сүйіктісін жолықтырғанын жазған едік. Алайда тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтқан еді.

“Өзімді жақсы көретін адам бар. Күнде қасымда болмаса да, аптасына екі рет жолығып тұрамыз. Жұмыс бабымен іс-сапарларға кетеді. Менің де жұмысым тығыз. Сол екі аралықта жолығып, әңгімелесеміз. Бір-бірімізге жылы сөз айтуға тырысамыз. Ет асып, шай-тамағын беремін. Өзімді әйел ретінде сезінемін. Одан басқа ер-азаматқа не керек?! Ең бастысы жалғыз емеспін. Мені жақсы көретін азаматты жолықтырдым”, – деп жеке өмірін айтып берген еді өнер иесі.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 12 Маусым, 2025 14:08
Талқылау