Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: Қазір майтабан, жүрегі ауырады деген сылтаулардың, өтірік анықтамалардың жазасы ауыр, айыппұлы үлкен

Белгілі тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы баласын әскер қатарына жібергісі келмейтін аналарға кеңес берді, деп жазады Stan.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы

Ләйлә Сұлтанқызының сөзінше, қазіргі уақытта көптеген ана әскерге шабытпен кетіп, табытпен оралғандарды көріп, жүрексініп қалған. Сондықтан баласын әскерге жібермес үшін түрлі сылтаулар іздейтін көрінеді.

«Қазір аналар ұлдарын әскерге жібергісі келмейді, шабытпен кетіп табытпен оралғандарды көп көреміз, естиміз дейді. Түсінемін. Жасалып жатқан реформаларды білмейтініміз бір бөлек, әскердің имиджін көтеру үлкен жұмыс екені рас. Баяғыда, баяғыда …деп айтқанымызбен, баяғы кез қайтып келмейді. КСРО жоқ, сол кездегі армия жоқ… т.с.т.
Қазір майтабан, жүрегі ауырады, үйлендіріп жіберем деген сылтаулардың, өтірік анықтамалардың жазасы да ауыр, айыппұлы да үлкен.

Сондықтан әскердегі реформалармен таныс болсаңыздар екен, құқықтарыңызды білсеңіздер екен, жастар әскерге барудан қорықпаса екен. Құдай бетін әрі қылсын, соғыс болмасын. Болған жағдайда кім Отанды қорғайды? Менің атам, сіздің атаңыз біз үшін, біздің жарқын болашағымыз үшін өлді. Олардан да сұраған жоқ, барасың ба әскерге, соғысқа деп. Міндет болды, бітті», – деп жазды тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында.

Десе де Сұлтанқызының бұл пікірін қолдағандар да, сынағандар да болды. Кейбірі әскерде жүріп көз жұмғандар туралы естігеннен кейін, расымен де ұлдарын жібергісі келмейтінін айтып жатты.

Оқи отырыңыз:

Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуінің нақты уақыты аталды

Қазақстанда UEFA Суперкубогы өтуі мүмкін 

Головкин мен Мартиросянның жекпе-жегі рекорд орнатты

Талқылау