Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Freedom Inside форумы бір алаңда бизнес, мәдениет және медиа өкілдерін біріктіреді

2026 жылғы 9 сәуірде Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Freedom Inside '26 халықаралық форумы өтеді. Іс-шараны Freedom Holding Corp. ұйымдастырады.

Екі сахнада бір уақытта бизнес визионерлері, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, инвесторлар, кәсіпкерлер, креативті индустрия өкілдері және технологиялық жаңашылдар сөз сөйлейді.

Форумды Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Тимур Турлов ашады, одан кейін бағдарлама үлкен және кіші сахнадағы пікірталастармен жалғасады.

Форумдағы панельдік пікірталастардың бір бөлігі медиа дамуына, цифрлық медицинаға және ойын-сауық индустриясына арналады. Бағдарламада 30-дан астам спикердің сөзі жоспарланған, олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген, америкалық NVIDIA технологиялық компаниясының ТМД елдері бойынша бизнес дамыту жөніндегі өңірлік директоры Антон Джораев, Astana Hub негізін қалаушы және CEO-сы Мағжан Мадиев бар.

Freedom Inside технологиялар, бизнес және мәдениет тоғысатын алаң ретінде ойластырылған. Іскерлік бағдарламадан бөлек, қонақтарды интерактивті аймақтар, технологиялық демонстрациялар және қарым-қатынасқа арналған кеңістіктер күтеді.

Форумда Freedom цифрлық экожүйесінің мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл экожүйе қаржылық және цифрлық сервистерді біріктіріп, пайдаланушыларға Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.

Бағдарлама мен билеттер туралы толық ақпарат – freedominside.kz ресми сайтында.

Айым Атамбаева
Жұма, 20 Наурыз, 2026 16:20