Лауазымын асыра пайдаланған деп сотталған Біртановтың адвокаты апеляциялық шағым түсірді
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты клиентіне қатысты шыққан сот үкімінің үстінен шағым түсірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KTK телеарнасының хабарына сүйеніп.
Оның сөзінше, жақында экс-министрдің өзі де апелляциялық шағым түсірмекші. Оның 14 қарашаға дейін уақыты бар.
Еске сала кетейік, 28 қазанда Астанадағы Сарыарқа ауданының соты бұрынғы шенеуніктің бас бостандығын бес жылға шектеген еді. Оған себеп – “Біртановтың министр болғанда лауазымын асыра пайдалануы”. Оған қоса, экс-министр мен оның орынбасарына 1 миллиардтан астам теңге көлемінде айыпұл салынды. Біртанов барлық айыпты жоққа шығарды.
Сот үкімі күшіне енбегендіктен, қазір ол үйқамақта отыр.

Назарбаев кезінде билікте болған шенеуніктер қазір қайда жүр
