Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтады (видео)
Әлемге танымал жұлдыздар небәрі 23 жасқа қадам басқан қазақ баласын туған күнімен құттықтады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Димаштың досы әрі ресми өкілі Алпамыс Шәрімов желідегі парақшасына америкалық актриса Ева Лонгорияның құттықтауын жүктеді. Ал Лара Фабианның Димашқа деген жүрекжарды лебізі Youtube желісінде жарияланды.
Ал Алпамыстың өзі “Димаштың туған күні – әлемдік музыка тарихында қалады” деп жар салды. Ол Димаш екеуінің достығын көре алмайтын жандар туралы сөз етіп, қандай жағдайда да әншінің қасынан табылатынын мәлімдеді.
“Адамдардың бір-бірімен бірге болуының өзі біреулер үшін “көреалмаушылықпен” теңдеседі екен. Біздің достығымыздың арасына түспек болып, батылсынғандарға болмадық! Көп қиын да, қызықты шақтарды басымыздан бірге өткіздік! Ешкім білмейтін сырларымыз, ешкімге айтпаған қызықты оқиғаларымыз – екеуміздің достығымыздың айнасы!
Жан досым, саған әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! Менің өмірім – сенің өмірің! Сенің әр қуанышың – менің қуанышым! Сендегі әр қиындық – менің қиындығым!.. Керейдің қасындағы Жәнібектей, Исатайдың қасындағы Маxамбетідей ағалық-бауырлық қарым-қатынасымыз берік бола түссін! Сендей бауырым, досым барына бақыттымын! Папа – маманың, Қанат ағам мен Света апамның, Раушантай мен Мансурдың үлкен үміті, мақтанышысың! Қаншама сенің өнеріңе бас иген миллиардтарға – үлгісің!
24 мамыр әлем тариxында Құдайберген Дінмұхаммед есімді батырдың дүниеге келген күнімен есте қалады! Бұл күн – музыка әлемі үшін ерекше күн, бұл күн – өнерді түсінетіндер үшін Ұлы күн! Туған күніңмен, жан досым!” – деп жазды Алпамыс.
Жіберіп алмаңыз:
Әлем фанаттары Димаштың туған күніне тосынсый әзірлеп жарысуда (фото, видео)
Димаштың өнеріне тәнті болған шанхайлықтар онымен бірге қазақша ән салды (видео)
Қыдырәлі мен Қарақаттың қыздарына қандай есім бергені белгілі болды
Ерке Есмахан бұрынғы күйеуінің ұлына алимент төлемейтінін айтты