Land Cruiser, Highlander және Camaro көліктері тәркіленді: Заңсыз вейп сатып, 400 миллион теңгеден аса қаржы тапқандар ұсталды (видео)

Павлодар облысында заңсыз вейп сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодарда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, өнімдер Telegram-дағы үш онлайн дүкенде курьермен жеткізу арқылы сатылған.
“Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған”, – делінген хабарламада.
"ESCOBAR OPTOM": Алматыда вейпті Telegram арқылы мектеп оқушыларына сатып келген
Қостанай облысында көлік ішінде вейп шекпеуді сұраған такси жүргізушісін пышақтап кетті
Агенттік мәліметінше, вейптердің негізгі тұтынушылары мектеп оқушылары мен студенттер болған. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған үш көлік (Toyota Land Cruiser, Toyota Highlander және Chevrolet Camaro) сот шешімімен тәркіленді.
Төрт күдікті қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін станада хош иістендіргіштер мен вейптерді заңсыз сатқандар іздестіріліп жатқаны туралы жазған едік.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты