Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені лақтырып тастады. Көп жыладым": Илья Илин өміріндегі ауыр күндер туралы

Атлетші Илья Ильин алғаш рет олимпиадаға жіберілмейтінін білген кезде қандай күйде болғанын айтып берді. Тіпті, өзінің көзге жас алып, жаттығу залына кірмей кеткенін де жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gakku арнасының «Шыны керек» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Илья ИльинСурет: Видеодан скриншот

«Мұны қалай өткере алдым дейсіздер ме? Бұл олимпиадаға үш ай қалған кезде болды. Мен тамаша формада жүрдім, олимпиадада жеңіске жетуге дайын едім. Олар маған келіп осы туралы айтты. Астанаға шақырып алды ғой деймін. Бірнәрсе жасап, заңгерлер тағайындау қажет дегендей. Процесс кетті. Бір аптадан кейін жаттығу залына келуді қойдым. Атлетикаға, штангіге қарай алмадым. Ал жігіттер оимпиадаға дайындалып жатты. Ал мені лақтырып тастады. Көптеген жағымсыз эмоция болды. Барлығы да төмен дәрежедегі эмоциялар», - деді спортшы. 

Әрі қарай Илья Ильин өзінің көңілшек адам екенін жасырмады. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы естеліктермен өмір сүруге мәжбүр болғанын айтты. 

«Мен эмоционалды адаммын. Әрине, жыладым. Instagram желісінде лентама кіріп отырғаным есімде. Көп көз жас төгілді. Көп жылымды бердім, көп жұмыс стедім деп ойладым. Күтпеген жерден осылай болды. Әділетсіз, дұрыс емес жасады. (...) Бірақ, неге әділетсіз екенін айтпай-ақ қояйын. Бәлкім кейін уақыты келгенде айтармын», - деді Илья Ильин. 

Естеріңізге сала кетсек, Илья Ильиннің Азия чемпионатында медальсіз қалғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау