Қазақстандық оқушылар кәсіпкерлікті дамыту туралы сабақ оқитын болды
Қазақстан мектептерінде “Кәсіпкерлік және бизнес негіздері” пәні енгізілді. Пән Алматы қаласында Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиясында басталды, деп хабарлады “ҚазАқпарат”.
фото: kazpravda.kz
Алғашқы сабақ 10-11 сынып оқушыларына қазақ тілінде өткізіледі. Бұл пәнді “Атамекен” ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп дайындаған.
“Кәсіпкерлік және бизнес негіздері” пәні 2018-2019 оқу жылында барлық мектептердің оқу бағдарламасына енгізіледі.
Тағы оқыңыз:
Дін істері министрлігі кәмелетке толмағандардың құлшылық етуіне қатысты пікір білдірді
Талқылау