Қызыңды көрсетпе құрысын: Бүркітке долларлап көрімдік ұстатқан Мақпал Жүнісова жұртты сүйсіндірді (видео)
Бүркіт пен Аишаның отбасы тағы бір жанмен толығып, бірнеше күннен бері Қазақстан шоу-бизнесі өкілдерін жаппай шулатуда. Мұндай жағдай бұрын соңды болмаған деп айтсақ та болатын шығар, Бүркіттің сүйінші сұрап қалдырған жазбасына 190 мыңға жуық лүпіл басылып, 20 мыңға жуық пікір қалдырылған.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жүрген ортасына сыйлы Бүркіттің жары Аишаны күні кеше перзентханадан шығарып алуға танымал жұлдыздар қатысты. Аишаны құттықтап болған соң, өнер иелері жаппай Бүркіттің шаңырағына ағылды. Қонақтардың көшін Халық артисі Мақпал Жүнісова бастады.
Мақпал Жүнісова сәбидің әжесі, белгілі ақын Айша Көпжасарованы құттықтап, уыс-уыс көрімдігін ұстатты. Аталған көріністің видеосын ол желідегі парақшасына жүктеп, көпшілікті сүйсіндірді.
Бейнежазбадан Мақпал ханымның: “Қызыңды ешкімге көрсетпе, 40 күнге дейін көрсетуге болмайды. Қыз деген жақсы ғой, енді көрімдігімді берейін”, – дегенін байқауға болады.
Желідегілер әншінің қарапайымдылығына тәнті болуда.
Тағы оқыңыз:
Әбдіжаппар Әлқожа өзін “өзбекстандық” деп атаған жандарға: Оған мен емес, жоғары билік кінәлі
Сен онсыз да жұлдызсың: Астаналық қыздар “Қалаулымнан” кеткен Замираны қолдап шықты (видео)
Қатты уайымдады: Ділназ Ахмадиева ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі балалардан кешірім сұрады
Гүлнұр Оразымбетова өзіне “топас” деп тіл тигізген тыңдарманына жауап берді