Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылжарда екі жігіт өртке оранған пәтердің тұрғындарын ажалдан аман алып қалды

Ал Қызылжарда екі жігіт өртке оранған пәтердің тұрғындарын ажалдан аман алып қалды. Оқиға таңғы сағат бестер шамасында болған.

Үй иелері ұйқыда жатқанда бөлмені қалың түтін басады. Осы маңнан өтіп бара жатқандар байқап, өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Құтқарушылар пәтердің есігін сындырып, ішке кіргенде ес-түссіз жатқан зейнеткер мен оның баласын тапқан. Қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт айналасы жарты сағатта ауыздықталды.

“Алдын ала болжам бойынша, өрт темекі шоғынан болған. Үй иелері қауіпсіздік шараларын сақтамаған сыңайлы. Қызыл жалынды сөндіру кезінде 26 адам эвакуацияланды. Кейін барлығы да үйлеріне оралды”, – дейді Петропавл қаласы төтенше жағдай басқармасының инженері Никита Мархалюк.

Ал түтінге тұншыққан пәтер тұрғындары жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір 44 жастағы науқастың жағдайы тұрақты. Ол токсикология бөліміне ауыстырылды. Ал анасының халі ауыр, дейді дәрігерлер.

Тағы да оқыңыз:

Қош болыңдар, біз жанып барамыз: Кемероводағы өрттен көз жұмған 13 жасар қыздың соңғы сөзі елді жылатты

Кемероводағы өрт: Орталық қызметкерлері балаларды құтқармақ болған еріктілерге кедергі болған

Сәбидің балалық шағы қиын болғанын қаламадым: 2 жасар қызын өртеп жіберген әйелге қатысты сот үкімі шықты

Талқылау