Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық келін анасына алтын сыйламаған енесіне ренжіп, күйеуімен ажырасып кетті

Естіген адамды елең еткізген бұл жағдай Қызылорда облысына қарасты аудандардың бірінде болған. Жарты жыл бұрын ғана нәрестесін дүниеге әкелген жас келін, алды – артына қарамай есікті тарс жауып, төркініне кетіп қалыпты. Келіншектің мұндай қадамға баруына қазақтың салт – дәстүрінде орын алған түсінбеушілік екен, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Көрнекі сурет. Әлеуметтік желіден алынды

Редакциямызға оқиғаның мән-жайын аталмыш отбасы туыстарының бірі айтып берген еді.

«Отбасымызға Жазираның келін болып түскеніне көп бола қойған жоқ. Санаулы уақытта аяғы ауырлап, дүниеге шекесі торсықтай ұл әкелді. Дәл осы уақытта қайың-сіңлісі жол апатына ұшырап, 4 айдан астам уақыт ауруханада жатты. Нәресте қырқынан шыққаннан кейін, бірден бесік салар жасауға отбасымыздың еш мүмкіндігі болған жоқ. Алайда, жас келініміздің бұл мәселеге іштей ренжіп жүргенін байқамадық», – дейді Алуа апа.

Араға біршама уақыт салып, естерін жинаған жанұя құдағиын бесікке саларға шақырып, той жасаған. Алайда, көтеріңкі көңіл-күймен келген туыстары кейіннен ренжіп кетіпті.

«Жазираның анасы бесігін, нәрестеге қажетті барлық заттарын әкеліпті. Үлкен дайындықпен келгенін көрдік. Заттарына қарап таңдай қаққандар да болды. Бірақ біз жақ құдағиына күміс комплект әзірлеп қойған едік. Халықтың алдында оны таққанымызда құдағиымыздың қабағын шытқанын байқап қалдық. Кейін оңаша қалған кезімізде, өкпесін білдірді. Бұл тойды көп күткендерін айтып, алтын тағып қайтатынына сенімді болғанын айтты. Бесікті алып келуге өзімен бірге келген жақындарының алдында масқара болдым деп айқай шығарды», – дейді ағынан жарылған Алуа Алыбаева.

Бұл оқиғадан кейін, отбасының жас келіні де заттарын жинап-түйіп, төркініне кетіп қалыпты. Енесі мен күйеуінің сөзіне қарамаған келіншек, анасын ренжіткен жанұямен бірге өмір сүре алмайтынын айтыпты. Тіпті ажырасуға арыз тастап, немерелерін көрсетпеймін депті. Бүгінде екі жас осылайша, екі жақта өмір сүріп жатыр.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

“Қалаулым” қатысушылары Ислам: Шынармен азаматтық некеде тұрсам, анам мені ұрып өлтіреді

Төреғалидің жары Толқын өзі, отбасы жайлы бар шындықты ашып айтты

Төреғалиді ұнатып қалған Толқын оған өзі алғаш хат жазып, сезімін білдірген

Сәкен Майғазиев: Өнер мектебін елден қалмайын деген ашкөздікпен ашқан жоқпын

“Қалаулым” қатысушысы Замира: Енді үйі мен көлігі бар бай жігітке ғана тұрмысқа шығамын

Талқылау