Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық әйел 55 мың теңге үшін көше тазалап 4 баласын асырап отыр (фото)

4 баласын жалғыз өзі асырап отырған қызылордалық Гүләйім Қарғабаева жұмысы жайлы айтып берді.

1489463426 (1)

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Гүләйім Қарғабаева 8 наурыз күні таң атпастан көше тазалауға қамданды. Таңғы 6:30-да басталатын жұмысқа ол 5-те шығады. Гүләйім апай кешкі алтыға дейін қаланың 4-5 көшесін сыпырып тазалайды. Тұрғындар тастап кеткен шөлмектер мен тұрмыс қалдықтарын да жинайды. Кезекшілік келсе, мерекеге қарамай жұмыс істей береміз дейді ол. Ол бұл жұмысты 11 жылдан бері істеп келеді.

1489463426

«Қала тұрғындарына ренжитініміз – тұрғындар кез келген уақытта қоқысты көшеге шығарып қояды. Мен отбасымды бір өзім асырап отырмын. Кезекшілік кезінде мерекеге қарамай жұмыс істейміз», – дейді Гүләйім Қарғабаева.

E7546803-2598-4F18-B9BA-611FAE0766C0_cx5_cy0_cw93_w1023_r1_s

4 баланың анасы айына 55 мың теңге алады. Тазалықшыларға қандай да бір әлеуметтік жеңілдік қарастырылмаған. Гүләйім Қарғабаева әкімдік жалақымызды өсіріп, қоғамдық көлікке тегін жүру жеңілдігін берсе деген тілегін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандылық зағип жан көзі сау кезінде жазған диссертациясын қорғағысы келеді

Желіде 14 жаста деп танылған жас жұбайлар шын мәнінде 20-дан асқан болып шықты

Бес мүгедек баласын зейнетақысына асырап отырған Гүлсім әженің көз жасы (фото)

Талқылау